Қиналған кездерімді ешкімге білдірген жоқпын – Амангелді Сейітхан

Ол таныстыруды аса қажет етпейтін белгілі спорт комментаторының бірі және бірегейі.

Ол қазақ спорт журналистикасының тірі аңызына айналып бара жатқан адам.

Ол көгілдір экранның аржағында отырып, қаншама жастың жүрегіне шоқ салып, намысын оятты.

Оның «Жеңісті күндерде жүздескенше!» деп аяқталатын репортаждары байрақты бәсекелерді қалт жібермейтін көрерменнің есінде.

Ізгілік жайында айтатын рухнани жоба – «Жақсының жақсылығын айт» бағдарламасының бүгінгі қонағы – белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан.

Амангелді Сейітхан кімдерге алғысын білдірді? Спорт журналистикасына бет бұруына кім түрткі болды? Жығылғанда жұбаныш, сүрінгенде сүйеніш болған кім? «Комментаторлыққа «ғашық» болмағам. Қажеттілік еді» деген белгілі комментатор қандай қажеттіліктен осы салаға келді?

Толығырақ «Жақсының жақсылығын айт» бағдарламасының аудионұсқасында.

Бағдарлама авторы әрі жүргізушісі: Нұрсәуле Мамытхан.