Өте ғашық адаммын – Нұрғали Нүсіпжанов

Әр адам өзінше жеке тұлға. Бірақ дара тұлға болып қалыптасу әркімінің қолынан келе бермейтін ерлік. Әйгілі мамандардың адамдық қырын ашатын «Тұлға» хабарының бүгінгі қонағы – ҚР Халық әртісі, мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов.

Бір үйдің жалғыз ұлы болып, балалық шағы соғыс жылдарына тура келген Нұрғали Нүсіпжанов өзін тұлға ретінде қалай қалыптастырды? Қиындығы мен қызығы қатар жүретін өмір жолында жеңіске жетудің құпиясы неде? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын Айсәуле Бейсенханқызының «Тұлға» хабарынан біле аласыз.

Толық ақпарат аудионұсқада.

«Тұлға» хабары әр аптаның сенбі күні сағат 16:30-17:00 аралығында Қазақ радиосының эфирінен беріледі.