Қытай оқулығында Димаш Құдайберген жайлы жазылды

Қытайда жоғары сынып оқушыларына арналған оқулықта қазақ әншісінің өмірбаяны жазылған. Ол кім дейсіз ғой? Әрине, Димаш Құдайберген. Әлемге әйгілі отандасымыз Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қытайда шығарылған мектеп оқулығына енгізілді. Бұл туралы әнші Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлады.

«Өзіңді Қытайдың мектеп оқуылықтарынан көру көңіл сүйсіндіреді»,- деп жазды Димаш.

Димашқа арналған кітап бетінің төменгі жағында оның өмірі мен шығармашылығына қатысты бірнеше сұрақ қойылған.

Естеріңізге салайық, Димаш Құдайберген 2017 жылы Қытайдағы I'm a Singer байқауына қатысқаннан кейін бүкіл әлемге танымал болды. Ол финалға дейін жетіп, екінші орын алған еді. 

Өзге де қызықты жаңалықтар хабардың аудионұсқасында.

«Аң-таң» хабарын әр сәрсенбі сағат 09:35 және 13:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.