Ардагер диктор жастарға кеңес берді

«Шалқар» радиосының әуе толқынынан берілетін «Өнеге» хабарында Қазақ радиосының ардагері, белгілі диктор Күләш Молдахметова қонақта болды.

Көп жылдар бойы Қазақ радиосында диктор қызметін атқарған Күләш Кәйланқызы радиодағы мәдени сөйлеу шеберлігі мен жүргізушіліктің қыр-сыры туралы жастарға ауқымды сұхбат берді. Осыдан бір жыл бұрын "ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ" ұйымдастырған «Алтын дауыс» халықаралық байқауында әділ қазылар қатарынан көрінген радио ардагері «Алтын дауыс» байқауы турасында, сондай-ақ, дауыс қою, эфир мәдениеті, радиожүргізуші этикасы, шеберлігі жайлы кеңінен әңгімеледі.

Бағдарлама барысында Фариза Оңғарсынованың «Өнер дерті», «Жақсылық туралы жыр» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Бағдарламаны толығырақ төмендегі сілтеме арқылы тыңдай аласыздар.

https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/archive/programs/programs_shalkar/shalqar_onege/1017010 

Бағдарламаның жүргізушісі: Ләззат Тиышбекқызы.