Күлия Смайлханқызының шығармашылығы (2-бөлім)

«Әдебите әлемі» Хабарының бүгінгі саны «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, жазушы Күлия Смайлханқызының шығармашылығына арналады.

Күлия Айдарбекова «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры қызметіне келгелі бері көптеген өзгерістер мен тың идеяларды жүзеге асырды. 2016 жылы "Ақерке" балалар залын ашып, мүмкіндігі шектеулі жандарға, басқа да әлеуметтік топтарға, түзету мекемелеріндегі азаматтарға арналған "Кедергісіз кітап" жобалары аясында арнайы кітаптар жеткізіліп тұрған. 

Осындай орасан істің басында жүрген жазушы Күлия Смайлханқызы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай біздің дәуірімізге дейінгі мыңжылдықтарда өмір сүрген Анахарсистен бастап, түркі дүниесіне өлшеусіз үлес қосқан Тоныкөк, Білге қаған, Күлтегін сияқты, сондай-ақ іргелі мемлекет құрған ойшыл да қолбасшы тұлғалардың тасқа бәдізделіп жазылған дүниелерін «Ұлы дала өсиеті» деген атпен кітап етіп құрастырылып шығуына, Оңтүстік өңірінде болған тарихи кезеңнің бәрін қамтитын "Қазыналы Оңтүстік" атты кітапты басып шығуға тікелей басшылық еткен. 

«Оңтүстіктің 100 күйі», «100 термесі», «100 әнін» кейінгі ұрпаққа қалдыру мақсатында жинақтап, «Әкеге құрмет», «Анаға тағзым» кітаптарын жазып көпшіліктің көңілінен ерекше орын алған Күлия Смайылханқызы бүгінде "Құрмет орденінің" иегері. Көпшіліктің алғысын алған журналист. 

Жазушы Күлия Смайлханқызы жайлы хабарымыздың 2- бөлімін аудионұсқадан тыңдай аласыздар. 

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Айнұр Шамшейтова.