«Мектеп мұғалімдерінің 20%-ы ғана ер-азаматтар»

Күні кеше ғана Мәжілісте «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы таныстырылды. Онда білім беру саласында туындайтын қатынастарды реттеуді қамтамасыз ететін құқықтық тетікті жетілдіру, тиісті заңнамадағы олқылықтарды жою, сондай-ақ ұлттық және халықаралық тәжірибені ескере отырып, педагог қызметінің өзекті әлеуметтік және кәсіби мәселелерін тиімді шешу қамтылған.

Президент Жолдауында айқындалған дәл осы құжаттың салмағы қанша? Бұл шынымен де толассыз реформалардан әбден жауыр болған білім беру саласын тығырықтан алып шыға ала ма? Қоғамдағы педагогтың мәртебесін қайтсек көтере аламыз? Бүгінде жастар мұғалім болуға қаншалықты ынталы? Осы және басқа да сұрақтарға ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің Басқарма басшысы Айман Дүйсенбаева Қазақ радиосының "Парламент сағаты" хабарына берген сұхбатында жауап берді.

"Орта білім саласында 300 мыңдай мұғалім болса, соның тек 20 пайызы ғана ер мұғалімдер",-деді Айман Дүйсенбаева . 

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Алмас Байдрахман.