Жаңа сенатор: Қандықол қылмыскерлердің өлім жазасына кесілгенін қалар едім

«Депутат сағаты» бағдарламасында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік - мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова қонақта болды. Жаңа сенатор Президенттің алғашқы Жолдауында айтылған тапсырмаларға қатысты бірқатар сауалдарға жауап берді.

«Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар мен олардың отбасын қорғау жөнінде толыққанды бағдарлама әзірленіп жатыр. Ондай қандықол қылмыскерлерге өлім жазасының кесілгенін қалар едім» ,- дейді Айгүл Қапбарова.

Бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі: Гүлнұр Омарханқызы.