Қандай гүл махаббат пен сыйластықты нығайта түседі?

Қазақ радиосының "Гүлдесте" хабарында үйде болуы керек гүлдер жайлы айтылды.

Егер үйімізде тек жақсылық орнасын, үнемі кіріс кіріп тұрсын десеңіз, мұндайда үйге «мирт» гүлін отырғызған дұрыс. Кей жерде мұны «мирт ағашы» деп те атап жүр.

Ал «Отбасы гүлін» өзге елдерде «хое өсімдігі» деп атайды. Осы өсімдікті жатын бөлмеге орналастырса ерлі-зайыптылардың арасындағы махаббат пен сыйластықты нығайта түседі, бақытты ғұмыр кешеді деген сенім бар.

Сонымен қатар, «әйел бақыты» үйде тұрса, отбасында жағымды өзгерістер орын алады екен, үйленбегендер отбасылы болады, осы гүлге қатысты баласы жоқтар сәбилі болады деген де наным-сенім бар.

Ал шегіргүл өскен үйде ұрыс-керіс көп болмайды екен. Бұл гүлді қонақ бөлмеге қойсаңыз, үйде береке орнайды.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

Хабардың редакторы Айнұр Шамшейтова.