Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бір реттік төлем төленеді

Қазанның екінші жексенбісі Қазақстанда мүгедектер күні. Осы датаға орай астана әкімдігімен мүміндігі шектеулі азаматтарға бір реттік төлем төленеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы елордада тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және ерекше қажеттілігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға 2,5 АЕК немесе 6313 теңге аударады.

Айта кетейік, басқарма Халық Банк (есеп шот және карталық шот), Жусан банк (есеп шот және карталық шот), Қазпошта (есеп шот және карталық шот), Сбербанк (есеп шот және карталық шот), АТФ Банк, Альфа Банк, Форте банк банктерімен қызмет көрсету туралы келісім жасаған. Сондықтан бір реттік төлемді алушы тұлғалар аталған банктерде шоттары болмаса, 20 сандық шот ашу үшін банкке барып, кейін оны Достық 13, «Нұрсая-2» ТК мекен-жайы бойынша орналасқан Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына әкелуі тиіс.

Толық ақпаратты 55-68-22, 55-68-45, 87056450638, 87056450653, 87056450671, 87056450692 нөмірлері бойынша алуға болады.