Қарымы бөлек қаламгер – Дүкенбай Досжан

«Қаламгер» хабарының бүгінгі саны жазушы Дүкенбай Досжановтың шығарманылығы мен өмірдерегіне арналды. Хабар үнтаспаға жазылып алынған.

Жазушы бала кезінен кітапты көп оқиды. Апта сайын бір өлең жазып, республикалық газеттерге жөнелтіп жатады. Ол кезде редакцияға түскен тілдей хатқа болсын жауап жазу керек деген тәртіп бар. Облыстық газетке «Ленин томы» деген бір өлеңі жарық көреді. Содан алған бес сом қаламақыны жаратпай, жинап жүреді. 

- Анамды қуантқым келді. «Алғаш тапқан қаламақыма сіз шай ішсін деп құмшекер әкелдім!» - дегенде, қайран анам: Таудай бол! Қаламыңның сиясы таусылмасын! - деп батасын беріп, жаулығының ұшымен көз жасын сығып алды,- деді жазушы 

Дүкенбай Досжанның көзі тірісінде сұхбаттасып едік. Сол әңгімені «Қаламгер» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Айнұр Шамшейтова.