Қазақ киносы әлемдік бәсекеге түсуге қауқарлы ма?

«Өнер алаңы» хабарының бүгінгі тақырыбы қазақ киносына арналды.

Хабар қонағы: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Театр және кинематография басқармасының бас сарапшысы Әділет Омаров. 

• Көркемдік кеңестің сараптауынан өткен дүниелер неге көрерменге ұнамайды? Қазақ киносының мінсіз болып шығуына не кедергі?

• Қазақ киносы әлемдік бәсекеге түсуге қауқарлы ма?

• «Томирис» фильмі көрермен сынына неліктен ұшырады?

• Деректі фильмдер түсіріліп жатыр. Бұл жанрдағы фильм арқылы да елімізді насихаттауға болады. Бірақ көрермендер неге ол фильмдерді білмейді? Көркем фильмнен басқа жанрдағы фильмдердің насихаты неге аз?  

• Режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі Қазақстан атынан «Оскар» ұсынылды. Сарапшының пікірі қандай?

Студия қонағы осы және өзге де сұрақтарға тікелей эфир барысында жауап берді. Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Сұхбатты жүргізген Толқын Сұлтан.