Президент ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында жазды.

«Қазанның 11-і күні Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Түрікменстан Республикасына барып, Ашхабадта өтетін ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысады»,-деп жазды Берік Уәли.