«Шапағатты шырақ»

Ұлы Торғай топырағында көптеген дарындар, күміс-көмей әншілер, тарихи тұлғалар, ержүрек батырлар дүниеге келген. Сол киелі топырақта ұлтымыздың ұлы ұстазы, білім қайраткері Ыбырай Алтынсарин да өмір есігін ашқан.

Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, жазушы, балалар әдебиетінің негізін қалаушы, этнограф Ыбырай атамыздың өмірі мен өнегелі істері көзі қарақты тыңдарман қауымға жақсы таныс.

Ыбырайдай ұлы тұлғаның ұлт руханиятында алар орны хақында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Рахымжан Тұрысбек пен т.ғ.д, профессор, академик Қойшығара Салғара "Тұңғыштар" хабарында кеңінен әңгімелейді.

"Тұңғыштар" хабары әр бейсенбі күні сағат 15:10-да Қазақ радиосының эфирінен беріледі.

Хабардың редакторы: Алмас Байдрахман.