Нұрлан мен Мұрат - Ауылға (текст)

Бала кезің,алғашқы қадамыңда

Бозбала шақ-от тұнған жанарыңда

Алау сезім-алғашқы махабат та,

Бәрі ауылда, іздесең, бәрі ауылда.


Қайырмасы: 

Ауылдың

Түтіні де тәтті, шаңы да

Түндері де балдай таңы да

Шаршағанда шипа жаныңа

Ауылдың

Өзені де шалқар,көлі де

Асуы да асқақ,белі де

Қушақ жайып күтер сені де!


Бар,ауылға қуанып бала сынды

Ағайының ұсынар бар асылды

Тым болмаса,бір барып қуантып қайт

Жолға қарап сарғайған анашыңды.