Жүректің көзі ашылса

Абай – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуіріндегі реалистік жазба әдебиетінің атасы.  

Мұхтар Әуезов 25 жасар Асқар Тоқпановқа «сен бес жыл Мәскеуде режиссерлікке оқып келдің, ал енді көрсет біліміңді» деген екен. «Ерді намыс өлтіреді» демекші, Асқар Тоқпанов Абайға қатысты барлық әдебиетті оқып, Абай әндерін тыңдап, Абайдың үш мектебін зерттеуге кірісіпті. Кейін бұл оқығандары «Абай» спектаклінің сәтті шығуына себепкер болған. Сонымен, Асқар Тоқпанов Абай жайлы не деді?  Абайды қалай зерттеді? Абай дүние-сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға қандай жауап тапты?  Толығырақ «Дәуір үні» хабарының аудионұсқасында.

Қазақстанның халық әртісі, профессор, режиссер Асқар Тоқпановтың сұхбаты Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды. Ол 1975-ші жылы үнтаспаға жазылған.

Хабарды дайындаған редактор Жанат Жанұзақ.