Елордада жолақыны биометриялық жүйе көмегімен төлеу қолданылмақ

«IPay» ЖШС құрылтайшысы Алмас Айменов «Қоғамдық көлік: төңкеріс және оның шешу жолдары» атты конференцияда Face Pay жүйесін таныстырды.

Face Pay – адамның бет-әлпетін тану арқылы сан алуан міндеттерді шеше алатын биометриялық мәліметтер арқылы басқару жүйесі.

«Бұл бет-әлпет суреті - биометрия көмегімен жасалатын төлем. Telegram-да бот құрдық, сіздер ол жерге өздеріңіздің ЖСН-деріңізді тіркеп, селфи жасап, өзіңіздің автобусқа қолданатын картаңызды қосып, жүйеге кіре аласыз. Одан әрі қарай өзіңіздің мәліметтеріңізді қолдануға рұқсат бересіз. Осыдан соң телефоныңыз немесе төлем картаңыз өзіңізбен бірге болмаса да автобусқа мініп, билет ала аласыз» – деді А. Айменов.

Оның айтуынша жолаушылардың мәлметтері сенімді қорғалады. «Біз қауіпсіздік тұрғысынан өлшемдерді көтердік.

Біздің жүйеміз 95%-ке дейінгі дәлдікпен тани алады. Егер жүйе 80 проценттен төмен деңгейде танитын болса, онда сол адамнан камераға қайта қарауын сұрайды.

Бұл жүйе жолақысын төлемеген адамды ұстап алу үшін емес, әуел бастан жолаушыларға ыңғайлы болу үшін ойластырылған. Қалалық екі автобуста техникалық тестілеу жүйесі басталды (автобус бағыттары бекітілмеген, олар әр уақытта өзгеріп отырады).

Дереккөз: astana.gov.kz