«Сұлу жырдың сұңқары-Сәкен» байқауының жеңімпазы Шалқар радиосында

"Тұғыр" хабарының қонағы - Қарағанды обылысы, Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлыда өткен «Сұлу жырдың сұңқары-Сәкен» атты ақын, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфулинның 125 жылдығына арналған 1 республикалық дәстүрлі әншілер байқауының бас жүлде иегері Жақсыгелді Маясаров.

*Дала дауылпазы туралы байқаудың маңызы қандай?

*Республикалық, халқаралық байқаулардың бас байгесін қанжығалап келесің. Үнемі байқауға қатыса беру бұл қаншалықты дұрыс дәстүрлі әнші үшін?

*Қазіргі ата-аналардың, балалардың домбыраға, дәстүрлі әнге көзқарасы қандай?

*"Атақты Маясар ақынның шөбересі" деген атақ әншіге қандай жүк артады? Оның әндерін, шығармашылығын, ізін жалғап жүрген ұрпағы ретінде қаншалықты нәсихаттап жүр? 

*Жақсыгелді Маясаровты не толғандырады?  

Осы және өзге де сауалдардың жауабын "Тұғыр" хабарынан тыңдай аласыздар.

Жүргізуші - Нәзір Сүлеймен.

Толық аудионұсқа:

http://shalqar.fm/kz/archive/programs/programs_shalkar/tugyr/1032375