- Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтоты Райымқұлованы қабылдады. Сонымен қатар Президент Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті.
- Желтоқсанның 1-нен бастап қазақстандық бензинге акциздер 10 теңгеге өсуі мүмкін.
- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодексте баласына екпе салдырмаған ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған.
- Қазақстан азаматтарына скринингтен өту үшін ақысы төленетін қосымша 5 күнге дейін демалыс берілуі мүмкін.
- Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзі басқарып отырған ведомство жұмысының тиімділігін арттыру жолдарын атады.
- Елімізде бірінші санатқа жататын кәсіпорындарға арнайы датчик орнатылады.
- Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп, «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан 595 Қазақстан азаматын қайтарды.
- Бүгін елордадағы Достық үйінде ««Қазақтану» және «Өзгерісті өзіңнен баста» лекторийлері өтті.
- Ертең Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың «И был я подобием твоим» және «Плач Чингисхана» кітаптарының тұсаукесері өтеді.