«Малефисента: Түнек әміршісі» фильмі қазақ тіліне дыбысталды

«Малефисента» картинасы алғаш рет 2014 жылы жарық көрген еді. Араға бес жыл салып екінші бөлімі көрерменге жол тартты. «Болашақ» корпоативтік қоры дәстүрінен жаңылмай, Дисней өнімін қазақ тіліне дыбыстап шықты. 

Осыған орай FILMFAN студиясына шығармашылық ұжым қонаққа келді. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актер, режиссер, Қазақ ұлттық өнер унивесрситетінің профессоры Бекболат Құрманғожаев, дубляж режиссері Назерке Лесбекқызы дыбыстау жұмыстары жөнінде кеңінен әңгімеледі.

Басты рөлдегі Малефисентаны дыбыстаған Гүлназ Әуесбай телефон арқылы эфирге қосылды. Актерлер фильмдегі образдарымен диалог құрды.

Интерактив барысында тыңдармандарға осы фильмге қатысты сұрақтар қойылып, билеттер ойнатылды.

Толығырақ аудионұсқадан немесе Ютуб желісінен тамашалай аласыз.

Жүргізушілер: Жадыра Жұмакүлбай, Теңге Бекмырза.