Мәдениет жаңалықтары

1. Нұр-Сұлтан қаласында танымал қазақстандық мүсінші Шоқан Төлештің жеке көрмесі жұмыс істеп жатыр. Шара шебердің 65 жылдығына орай ұйымдастырылған. Өнерсүйер қауым назарына 60-тан артық жұмыс ұсынылған.

2. 15-16 қараша күндері Нұр-Сұлтан көрермендері үшін «Жастар» театрының сахнасында, қазақ ақыны Фариза Оңғарсыноваға арналған «Фариза» қойылымы көрсетілетін болады.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 9 қарашада Қызылорда қаласында «Текті сөздің төресі - терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді.


«Classic» радиосын Нұр-Сұлтан қаласында 102,7 FM, Алматы қаласында 102,8 FM, Ақтау қаласында 103,0 FM толқынынан тыңдай аласыздар.