Аянмен келген қойылым...

«Шалқар шаңырағында» хабарына "А+A idea fabric" продюсерлік орталығының басшысы, "Фариза" спектаклінің идея авторы, бас продюсері Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова және осы "А+A idea fabric" продюсерлік орталығының бас редакторы Шынар Жұмаханқызы Омарова қонақта болды.

«Фариза» спектакілі аянмен өмірге келді. Көрермендерінің қошаметіне бөленді. Автор ақын табиғатын қай қырынан ашты? Мәскеу халқын тамсандырған қойылымның ерекшелігі неде? 

Қоюшы режиссер Фархат Молдағали. Басты рөлдерде: Назгүл Қарабалина, Лейло Бекназар - Ханинга, Қуандық Қыстықбаев, Ерлан Кәрібаевтар. Пьеса авторы–белгілі жазушы Роза Мұқанова. Бас продюсер және идея авторы – Айнұр Көпбасарова. Композиторы – Ренат Гайсин. Әдеби редакторы–Шынар Омарова. Хореографы – Шырын Мұстафина.

Толығырақ аудионұсқадан тыңдап, бейнежазбадан көре аласыз.

http://shalqar.fm/kz/archive/programs/programs_shalkar/shalqar_shanyragynda/1042485

Бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі Гүлнұр Омарханқызы