Мәдениет жаңалықтары

1. Елордадағы Достық үйінде «Тіл - достықтың алтын көпірі» байқауы өтті. Шараға бас қаланың 8 этномәдени ұжымының өкілдері қатысып, мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін көпшілік алдында дәлелдеді. Байқау Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өтті.

2. Қарағандыда қазақтың батыр ұлдары Нүркен Әбдіров пен Қазыбек Нұржановтың 100 жылдығына арналған әскери-патриоттық форум өтті. Патриоттық шара аясында «Тоқырауын толқыны» ансамблі, Қали Байжанов атындағы өнер ұжымы концерт қойды.

3. Елордада «Шаңырақ» музыкалық қойылымының тұсаукесері өтті. «Astana Musical» театры қазақ халқының сан ғасырлық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының сұлулығы мен өзіндік ерекшелігін жұртшылыққа ұсынды. Айта кетерлігі, киіз үйде орналасқан бірегей қойылымға театр әртістері жарты жыл бойы дайындалған.  

«Classic» радиосын Нұр-Сұлтан қаласында 102,7 FM, Алматы қаласында 102,8 FM, Ақтау қаласында 103,0 FM толқынынан тыңдай аласыздар.