Рухия Байдүкенова - Домбыра (мәтін/текст)

Тарт күйіңді домбыра,

Төгіл-төгіл тәтті күй,

Тау суындай сылдыра,

Желпін, желпін жел соқтыр!

Тауда тұман тұрмасын,

Көкте бұлттар ыдыра!

Ойды-қырды қыдыра,

Құлшына тарт, домбыра!


Қайырмасы:

Екі желі, үш қазық,

Тоғыз ноқта домбыра,

Көргеніңді күй қыла,

Құлшына тарт, домбыра!


Ойнатайын он саусақ,

Құлындайын құлдыра.

Бозда-бозда бота күй,

Құлшына тарт, домбыра!

Көңілімді қандыра,

Тәтті-тәтті күйге тарт,

Шежіре, шешен сұңғыла,-

Құлшына тарт, домбыра!


Қайырмасы:

Екі желі, үш қазық,

Тоғыз ноқта домбыра,

Көргеніңді күй қыл,

Құлшына тарт, домбыра!