Тұрғанәлі Шарап - Елесім (мәтін/текст)

Көзімді жұмсам елесің, 

Жұбататындай күлімдеп.

Қиял боп ғана келесің,

Кірпіктерің дірілдеп.

Үміт бағым ,

Ұмытпадым...


Қайырмасы:

Жалғанда болдың аңсарым,

Мөлдір кәусәрім

Арманға кеткен айналып,

Сол бір бал шағым,

Айтшы, неге жаным?


Ойлаумен өмір сүретін,

Сағынуға да хақым бар.

Көңілде қалған суретің,

Жүрегімде атың бар.

Еркем едің,

Өртенемін...


Қайырмасы:

Жалғанда болдың аңсарым,

Мөлдір кәусәрім

Арманға кеткен айналып.

Сол бір бал шағым,

Айтшы, неге жаным?

Көзімді жұмсам өзіңнің

Елесің тұрар ардағым