Әкімшілік айыппұлдарды қалай төлейміз?

Сіз айыппұлдарды келесі тәсілдермен тексере және төлей аласыз: «egov.kz» электрондық үкімет порталын онлайн пайдалана отырып, qamqor.gov.kz сайтында (құқық бұзушылықтың фото суретін қарау мүмкіндігімен), екінші деңгейдегі банктердің есеп-айырысу кассаларында, cондай-ақ Kaspi.KZ, egov.kz, HandyPay, MyPay, Homebank.kz және т.б. Түбіртекті WhatsApp 8-776-197-23-48 нөміріне жібере аласыз. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы хабарлады. 

Жоғарыда келтірілген әдістер бойынша төлеген кезде айыппұлды төлеу туралы белгі автоматты түрде дерек қорға енеді және азаматтарға ішкі істер органдарына түбіртек жіберудің қажеті жоқ.

Барлық сұрақтар бойынша 8-7172-95-44-98 байланыс телефонына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, 20-40 көшесі 4/1үй (Мамандандырылған ХҚКО жанындағы ғимарат) мекен-жайы бойынша жүгінуге болады.