Әдебиетшінің ән ғұмыры...

Әнмен басталған әдемі ғұмырымен әдебиетке әр беріп, ғылымға сара жол салған ғалым, белгілі әдебиетші, өнертанушы, ф.ғ.д. профессор, "Құрмет" орденінің иегері Құныпия Алпысбай Шалқардың киелі шаңырағында қонақ болды. 

Бүгінде республикаға таныс «Сарыбидай» әнін студент шағында Кетпен ауылынан Алматыға алып келген Құныпия аға әңгімесін әннің тарихынан бастап, сол студент кезінен қолынан тастамай ұстап келе жатқан қоңыр домбырасымен «Сарыбидай» мен «Ахау-айым» әнін орындап берді.

«Бұл «Сарыбидай» әнінің авторы Алматы облысы, Ұйғыр ауданында (Бұрынғы аты – Кетпен) өмір сүрген, жиырма тоғыз жасында қайтыс болған Сәдіқожа деген кісі. Әннің ұмытыла бастаған сөзін қайта қалпына келтірген Мотан (Молдасан Шәпиев). Әнді Мотан ағамнан үйрендім. «Біздің ауыл Кетпеннің етегінде, Ерте шықсам ауылыңа жетемін бе?» деп шырқағанда өзімді ұмытып, әнді беріле айтып кетеді екенмін. Мотанның бір өзі – бір театр. Әңгіме айтқанда ішек-сілеңді қатырады. Әншілігі де мүлде бөлек. Мотанның әрі інісі, әрі шәкірті болдым», - дейді Қ.Алпысбай.

Толығырақ аудионұсқадан тыңдап, бейнежазбадан көре аласыз.

Бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі Гүлнұр Омарханқызы