Мені туған жердің табиғаты тәрбиеледі – Бақытжан Ертайұлы

Халық қаһарманы, генерал-лейтинант Бақытжан Ертайұлы «Әжемнің әңгімесі» хабарында Бостан әжесінің ұлағатымен бөлісті


Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертайұлы: «Мені туған жердің табиғаты тәрбиеледі, кіндік қаным тамған топырағым мінезімді қалыптастырды»,- дейді.

Ол батыр Бауыржан Момышұлының туған жері – «Батырлар ордасы» атаған киелі Жуалыда дүниеге келді. Шығысында – Күйік, батысында – Шақпақ асулары, оңтүстігінде – Тәңіртауы көсіліп жатқан нулы да сулы өңір мені шыншыл болуға, таулы теріскейі ірілікке тәрбиелеп, қос асудың ортасында ұйытқи соғатын қыстағы бораны қаталдыққа, темірдей төзімді болуға шыңдады. Бұған қоса Бостан әженің ұлағаты ақ қағаздай таза бала санасына адамгершілік деген ұлы түсінікті қашады.

Толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабардың авторы әрі редакторы: Альмира Елімсары.