Н.Еспанов: Анамның арманын орындаймын!

Қазақ радиосының "Шіркін-ай!" бағдарламасының кезекті саны әнші, композитор Нұрлан Еспановтың шығармашылығына арналды.

Оңтүстүік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген өнер иесі, қазақ эстрадасындағы танымал әншілердің орындауындағы «Достарым», «Кездер-ай», «Сұлу қыз», «Ғажап таңдармыз», «Қос қарлығаш», «Жан әке», «Қыздар-ай», «Саған әдемім» секілді хит әндердің авторы.

Бағдарлама барысында Нұрлан Еспановтың сұхбаты беріліп, тыңдарман сұрауы бойынша әндері шырқалды. Тікелей эфирге келген хаттардың саны да өте көп болды. Әнші шетелдік өнерпаздардың концертіне қатысып, тәжірбие жинап, Қазақстанда бұрын-соңды болмаған «Анамның арманы» атты есеп беру кешін өткізетінін хабарлады.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

Хабардың редакторы - Айсәуле Бейсенхан