Мәдениет жаңалықтары

1. Қарашаның 18-і мен 23-і аралығында Мәскеуде өтетін Қазақстан киносы күндері шеңберінде "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Шыңырау", "Томирис", "Анаға апарар жол" және "Әміре" фильмдері көрсетіледі. Мәдени іс-шара заңғар жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай өткізіледі.

2. Балқаш қаласындағы мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің мүсіні жаңартылды. Іс-шараны жүзеге асыруды жоғары оқу орнының түлектері көтерген. Бюсттің ашылу салтанатынан кейін шақырылған қонақтар Сәкен Сейфуллиннің өмірі жайлы сыр шертетін «Емен – ұзақ жасайтын ағаш» драмалық қойылымын тамашалады.

3. Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының залында талантты жас ақын, бірнеше дүркін облыстық мүшәйралардың жүлдегері Ерік Нарынның «Мөр» атты жыр жинағы жарыққа шықты. Өрнекті өлең иесінің шығармашылық кешіне қаламдас достары мен белгілі ақындар қатысты.

«Classic» радиосын Нұр-Сұлтан қаласында 102,7 FM, Алматы қаласында 102,8 FM, Ақтау қаласында 103,0 FM толқынынан тыңдай аласыздар.