Мәдениет жаңалықтары

1. Нұр-Сұлтан көрермендері үшін 15-16 қараша күндері «Жастар» театрының сахнасында, қазақ ақыны Фариза Оңғарсыноваға арналған «Фариза» қойылымы көрсетілді. 

2. Люксембург қаласында 16 қарашада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілген кинорежиссер Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» тарихи фильмі көрсетілді. Көрсетілім Люксембург қаласының Kinepolis Kirchberg кинотеатрында өтті.

3. Қазақстанның шет елдердегі бірқатар елшілігінде «Абай орталығы» ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сонымен қатар АҚШ, БАӘ, Польша, Латвияда ақын есімін ұлықтау аясында пошта маркалары шығарылатын болады.

«Classic» радиосын Нұр-Сұлтан қаласында 102,7 FM, Алматы қаласында 102,8 FM, Ақтау қаласында 103,0 FM толқынынан тыңдай аласыздар.