Көші-қон қызметі әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмыстарды күшейтуде

Көші-қон қызметі басқармасы мемлекеттік қызмет көрсету, қажетті құжаттар тізімін қысқарту үдерісін әрі оңтайландыру және автоматтандыру, әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Неғұрлым сұраныстағы мемлекеттік қызметтерге жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеу, тұрғылықты мекенжайы және уақытша тіркеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу бойынша халыққа қызмет көсететін мемлекеттік қызметтер жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздар мен өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдері туралы  барлық мәселелер бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласа аласыз:

- Қазақстан азаматтарын, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерді құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша байланыс нөмірлері: 37-48-61, 37-48-52, 37-48-60;

- Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктерді тіркеу, еңбек иммигранттарына рұқсат беру және оның мерзімін ұзарту, ҚР визасын беру бойынша тұлғаларды шақыру және қабылдау мәселелері жөнінде телефон нөмірлері: 37-48-63, 37-48-53, 37-48-64;

Сонымен қатар, бұған дейін «Тіркеуден шығару» бойынша мемлекеттік қызмет тұрғын үй иесінің ХҚКО-ға жеке жүгінуі кезінде жүзеге асырылған болса, қазіргі уақытта электронды үкімет порталы арқылы цифрлық электронды кезекті пайдалана отырып онлайн-режимде алуға болады.

Мысалы: тіркеуден шығару- ХҚКО-ға бармай-ақ «электронды үкімет» порталы арқылы қолжетімді.Өтінім үйден немесе кеңседен шықпастан онлайн-режимде беріледі, соның есебінен ХҚКО-ға баруға және кезек күтуге кететін уақыт үнемделеді.

Өтінім беру үшін тұрғын үй иесі «электронды үкімет» порталына жеке кабинетке кіріп, тіркеуден шығару бойынша қызметті таңдауы және тіркеуден шығару жүргізілетін мекенжайды (елді мекен, көше, үйдің және пәтердің нөмірі) көрсетуі қажет. Осыдан кейін жеке кабинетке мемлекеттік қызметтің аяқталғаны туралы хабарлама келеді.

«Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және оның мерзімін ұзарту» қызметін оңтайландыру аясында 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласы, Иманов көшесі, 31 мекенжайында орналасқан «Көші-қон қызметі орталығы» ашылды.

Сондай-ақ төмендегі мекенжайлар бойынша Нұр-Сұлтан қаласынының 4 ауданында орналасқан 6 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды:

«Алматы» ауданы бойынша -Тәуелсіздік даңғылы, 32 («Алматы» ауданы ПБ көші-қон қызметі бөлімі) тел. 8(7172) 41-12-57,41-13-51;

«Байқоңыр» ауданы бойынша Абай даңғылы,80 («Байқоңыр» ауданы ПБ көші-қон қызметі бөлімі) тел. 8(7172) 32-27-14,32-27-10;

«Есіл» ауданы бойынша Мәңгілік ел даңғылы, 30 және Сауран көшесі, 7 («Есіл» ауданы ПБ көші-қон қызметі бөлімі) тел. 8(7172) 71-65-73

«Сарыарқа» ауданы бойынша Республика даңғылы, 43 және С-406 көшесі 13-үй («Сарыарқа» ауданы ПБ көші-қон қызметі бөлімі) тел. 8(7172) 71-61-78

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы Көші-қон қызметі басқармасы халыққа 17 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді: