Досқан Жолжақсыновтың бір ауыз сөзі өмірлік ұстанымыма айналды – Ақбота Керімбекова

Әнші Ақбота Керімбекова Қазақ радиосының "Жақсының жақсылығын айт" бағдарламасына сұхбат берді. 

Сұхбатында әнші анасы және ұстазы, белгілі актер, Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов жайлы ерекше әңгімеледі. Арзан атақ, мансап, хайп қуған кейбір әріптестеріне көңіл толмаушылығын жеткізді. Балалары жайлы және оларға қандай тәрбие беріп жатқаны жайында да айтты. 

Ақбота үшін өмірдің мәні неде? Ол бүгінге дейін неден жасқанып келді? Өнердегі жетістік жолында қандай кедергілерден өтті? Кімнен кешірім сұрады, кімге алғыс айтты? Ақботаның әндерінің сырға, мұңға толы болуының себебі неде?

Осы және өзге де сұрақтардың жауабы бағдарламаның аудионұсқасында.

Бағдарлама авторы әрі редакторы: Нұрсәуле Мамытхан.