Асанәлі Әшімов: Сәбиттей жырды нәшіне келтіріп айтатындар кемде-кем

Қазақ радиосының «Інжу маржан» хабарының кезекті саны Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сахна саңлағы Сәбит Қоңырбайұлы Оразбайдың жыршылық өнеріне арналды.

Хабар барысында КСРО халық артисі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерінің иегері Асанәлі Әшімов Сәбит Қоңырбайұлының жыршылығы жөнінде пікірін білдірді.

Хабар соңында Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған Сәбит Қоңырбайұлының орындауындағы «Айман-Шолпан» — лиро-эпостық жыры берілді. 

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

Хабардың редакторы: Қошан Мұстафа.