Оқу орнының тазалығы қандай болу керек?

Қарашаның 18-і күні, сағат 18:30-де Қазақ радиосының тікелей эфиріне шыққан «Білім айнасы» хабарында осы мәселе талқыланды. 

Хабарға Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауыпсіздігін бақылау департаментінің Балалар мен жасөспірімдер арасында жұқпалы емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Айгүл Жұмағұлова мен Қазақстандық салалық білім жəне ғылым қызметкерлерінің кəсіптік одағының бас маманы Райхан Қыдырбаева қатысты.

Студия қонақтары тікелей эфирде тыңдармандардың құқықтық мəселелерге қатысты сұрақтарына жауап берді. 

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.