«Қазақтың бұлбұлы 90 жаста»

«ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫНЫҢ» Алматы студиясы әзірлеген «Қазақтың бұлбұлы 90 жаста» арнайы хабары КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегеноваға арналды.

Хабар барысында жақында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының концерт залында өткен ән еркесі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың мерейтойы жайында айтылды. Бұл мерекелік шара қазақтың бұлбұл әншісіне арналған деректі фильммен басталды. Фильмдегі әсерлі сәт – әншінің өмір туралы толғанысы. Кештің тағы бір ерекшелігі – консерваториядан ашылғалы жатқан мұражайға ең алғашқы болып Бибігүл Ахметқызы қолтаңба қалдыруы.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

Хабарды дайындап жүргізген Гүлмира Нәлібай.