Ойыншықтар иммунтапшылығын тудыруы мүмкін бе?

«Шалқар шаңырағында» - Халықаралық экология академиясының президенті, «Экологиялық таза өнім» стандарттау техникалық комитетінің төрағасы, т.ғ. докторы, профессор Мұсағали Сәрсебайұлы Дуамбеков қонақта болды.

Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50-52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18-20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12% ғана денсаулық сақтау саласының қызмет деңгейіне байланысты болады екен. Ал балалардың денсаулығының қалыптасуына әсер ететін көп факторлардың ішіндегі мыңыздыларының бірі сыртқа қоршаған ортаның әсері. «Қазіргі таңда балалар ойыншығы Қытайдан әкелінеді. Сол себепті де қауіпті жағдай өте көп» дейді профессор Мұсағали Дуамбеков. 

Бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі Гүлнұр Омарханқызы

Толық аудионұсқа:

http://shalqar.fm/kz/archive/programs/programs_shalkar/shalqar_shanyragynda/1048542