Тепсе темір үзетін азаматтың ауыр хәлі ана жүрегіне батады

«Мың алғыс» хабарының бүгінгі саны Наурыз Елденбаевқа арналды.


Кейіпкеріміз 2012 жылы жол апатына түскен. Сол оқиға салдарынан Наурыздың миына зақым келіп, жүре алмай қалады, сөйлеу қабілетінен де айырылады. Ержетіп ата-анама енді қызығымды көрсетемін деп алға ұмтылған жігіт тұсаулы тұлпардай төсеккен таңылды. Дәрігерлер уақыт өте келе денсаулығы қалпына келетінін айтады. Алдағы уақытта анасы Оңтүстік Кореядағы Оңалту орталығына апаруды жоспарлап отыр. Жол ақысын қосқанда ем-шарасына 2 500 000 теңге көлемінде қаражат керек. 

Тепсе темір үзетін жігіттің төсектен тұра алмай жатуы анасының жүрегіне батады. «Ұлым қайтадан «анашым» деп еркелеп тілге келсе, керегін алып жейтін дәрежеге жетсе» деген ананың жүрегінде жалғыз ғана тілек бар. Бұрын күреске қатысып, көп жетістікке жеткен күрескер жігіттің бұл сыннан да сүрінбей өтеріне сенеміз. Ол үшін баршамыз бірге қолдау білдірейік! 

Наурыз Елденбаевтың анасы Қарлығаш Мырзаханқызымен болған сұхбатты толығырақ аудио және видеонұсқадан тыңдай аласыздар.

Наурыздың анасы Қарлығаш Мырзаханқызының атына ашылған есепшот: 

KASPI GOLD: 5169 4971 1085 7194

ЖСН: 6102 0840 2338