"Әскер Медиа-2019" сыйлығы бойынша үздіктер анықталды

Әскери журналистика саласындағы дәстүрлі "Әскер Медиа-2019" сыйлығы бойынша үздіктер анықталды. Атап айтқанда, теледидар, радио, баспа және интернет БАҚ – тарда, сонымен қатар республикалық және аймақтық деңгейлерде, шетелдік БАҚ-тардағы үздік материалдар, әскери тақырыпты баяндайтын үздік блогер, сондай-ақ фотожұмыстар мен арнайы жоба.

Әскери журналистика саласындағы "Әскер Медиа" жүлдесі – бұл әскери тақырыпты жариялауда өз үлестерін қосып жүрген журналистер мен блогерлерді қолдау үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігі құрған бірегей алаң.

"Әскер Медиа-2019" сыйлығының «Радиодағы үздік материал» номинациясы бойыша "ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ" ЖШС Алматы студиясының редактор-жүргізушісі Гүлбану Алпамысқызы Мұхтарқұлова марапатталды. Әріптесімізді жарқын жеңісімен құттықтай отырып, шығаhмашылық табыстар тілейміз!