Ел үмітін ақтаған Елбасы

Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналып, жаһан жұрты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салған сара жолына қызығушылық танытып отыр.

​Иә, «ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» дейді дана халық. Осының барлығы Елбасымыздың ерен еңбегінің, сонымен бірге әрқашан да тірек болып, қолдау білдірген халқымыздың береке-бірлігінің нәтижесі. 


Тұрақтылық және қоғамдық келісім, сыртқы саяси жауапты бағамы – елдің халықаралық беделінің өсуі үшін берік негіз болды. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа тарих жолын анықтайтын әлем көшбасшыларының шеңберіне кірді және бүгін оны әділетті түрде ұлт Көшбасшысы – Елбасы деп атайды. Күшті стратегия және мақсаттылықтың арқасында біз жолымызда тұрған әр кедергіні жетістікпен жеңіп келеміз.


Арнайы хабарды дайындаған редактор Азамат Жомартұлы.

Ал хабардың толық нұсқасын үнтаспадан тыңдай аласыздар.