Іздеу саламыз!

Хат қоржынынан:

- Мен Рымбала Қадырбекқызы Қасымова туған ағам Төлеубек Қадырбекұлы Ағыбаевты іздеп хат жолдап отырмын. Ағам 1964 жылғы, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тумасы. Ағамызды соңғы рет 2003 жылы көрдік. Отбасымен ажырасып, ішімдікке әуес болып жүрді. Қиындыққа тап болған сәтте қолдау көрсете алмадық па, білмеймін... Үй-күйсіз жүрген адамдардың қатарына қосылып кетті ме деп те ойлаймыз. Хабарсыз кеткеніне 16 жыл...


- Аға, сізді іздеп бармаған жеріміз жоқ. Міне, Қазақ радиосына да хат жазып отырмын. Естіп отырсаңыз, үйге оралыңыз. Балаларыңыз ер жетті, олар да сізді да іздеп, күтіп жүр. 

***

"Бармысың, бауырым?" хабарын Қазақ радиосының әуе толқынынан әр сейсенбі, 10:15- те тыңдай аласыздар. Хабардың жүргізушісі: Қымбат Досжан, редакторы: Әсел Асқарқызы. Тікелей эфир студиясының нөмірі: 8(7172)757275. Қосымша ақпарат алу үшін +77075355383 (whatsapp) нөміріне хат жолдаңыз.

Бүгінгі хабар 10:15- те басталады, хабарды "Қазақ радиоларының" Youtube және Facebook әлеуметтік желі парақшаларынан тікелей эфирде де көру мүмкіндігі бар.

Жақыныңыз жаныңыздан табылсын!

#қазақрадиолары

#бармысың_бауырым

@barmysyn_bauyrym2017