Мәдениет жаңалықтары

1. Бүгін, VIII Халықаралық «БАСТАУ» студенттік және дебюттік фильмдер фестивалі өз жұмысын бастады. фестивальдің ашылу салтанаты «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтеді. Ал кеш соңында қазақстандық режиссер Шарипа Оразбаеваның "Мәриам" фильмі көрсетілетін болады.

2. Қостанай облысының «Алтын кітабы» атты жобада елдің дамуына еселі үлес қосқандардың есімі «Алтын кітапқа» енді. Айта кетейік бұл шара Қостанайда Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткен болатын, аталмыш тізімге енген адамдар - ол қоғам өміріне белсене араласып, өз жетістігімен облыстың абыройын асқақтатқан тұлғалар.

3. «Астана опера» театрының әртістері елорда тұрғындары мен қала қонақтарына Елі сүйген, елін сүйген Елбасы аталған мерекелік концерт ұсынды. Үш бөлімнен тұратын мәдени шарада классикалық шығармалармен бірге заманауи композиторлардың туындылары, сондай-ақ Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті әндері орындалды.

«Classic» радиосын Нұр-Сұлтан қаласында 102,7 FM, Алматы қаласында 102,8 FM, Ақтау қаласында 103,0 FM толқынынан тыңдай аласыздар.