Қазақ күресінен Әлем чемпионатына 42 елдің балуаны қатысады

"Шалқар шаңырағында" - Халықаралық Қазақ күресі федерациясының спорт істері бойынша кеңесшісі Ұлан Рысқұл.

Студия қонағы 15-16 желтоқсанда Ақтөбе қаласында өтетін қазақ күресінен Әлем біріншілігі жайында толық ақпарат берді. 

"Ақтөбеде өтетін қазақ күресінен әлем чемпионатында біздің еліміздің намысын қорғайтын палуандар дайындықты 1 ай бұрын бастап кетті. Өйткені биылғы Әлем чемпионатына келетін палуандардың қарымы мықты. Мәселен, Корея, Жапон, Моңғол елінінің намысын қорғайтын палуандар дзюдодан олимпиадада жүлде алып жүрген жігіттер. Басқа да әлемнің ең үздік палуандары келмекші. Қысқасы 42 мемлекеттен келетін палуандардың сайысы бәсі жоғары бәйгенің көркін қыздырғалы тұр", - дейді Ұ.Рысқұл.

Жүргізуші - Мұхтар Тұртайұлы

Толық аудионұсқа: 

http://shalqar.fm/kz/archive/programs/programs_shalkar/shalqar_shanyragynda/1052881