Жүрсін ЕРМАН: Өз заманымнан ерте туғандай күй кешем

Қылышынан қан тамып тұрған Кеңес Үкіметі кезінде қазақтың суырып-салма айтыс өнерін жандандырып, халықпен қайта қауыштырған бірден-бір тұлға ол – ақын, «Жанартау», «Арайлы күн, армысың!», «Ұлытауға бардың ба?», «Құдіретке жүгіну», «Екі тізгін, бір шылбыр», «Құстың көлеңкесі» атты жыр жинақтарының авторы, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлытау ауданының құрметті азаматы Жүрсін Ерман.

1984 жылдан бері жүздеген айтыс ұйымдастырып, төл өнерімізге жан-жақты қолдау көрсетіп, оның брендке айналуына тікелей күш салған Жүрсін Ерман қазіргі заманғы айтыстың 2 томдық жинағын да құрастырып шығарған.

Еңбек жолын Жезді ауылдық «Октябрь туы» газетінде әдебиет қызметкері болып бастаған ол кейін бірқатар газет-журналдың бас редакторы, «Қазақстан» телерадио корпорациясы АҚ басқарма төрағасының орынбасары, төраға кеңесшісі, Қазақ радиосының бас директоры болып қызмет атқарған. 

Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман ағамызбен сұхбатты толығырақ төмендегі сілтеме арқылы өтіп, «Әдебиет әлемі» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/archive/programs/programs_shalkar/adebiet_alemi_shalkar/1054834

«Әдебиет әлемі» хабары әр сәрсенбі сағат 15:00-де «Шалқар» радиосынан беріледі.

Хабардың редакторы: Айнұр Шамшейітова.