- Мемлекет басшысының Германияға сапары басталды.
- Елордада «Әбіш Кекілбаев және ұлы дала руханияты» тақырыбында конференция өтті.
- Үкімет басшысы Асқар Мамин Түркістан қаласына сапары барысында жаңадан салынатын көпсалалы аурухананың іргетасын қалады.
- Мемлекет басшысының әуетасымалдар бағасын төмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында отандық авиакомпаниялар ішкі бағыттар бойынша авиабилеттің орташа құнын орта есеппен 12% -ға төмендетті.
- Қазақстандықтар қай елдерге және не үшін кетеді? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі «Қазақстандағы көші-қон: Проблемалар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел отырысында осы сұрақтарға жауап берді.
- Қазіргі жағдайда Қызылорда облысындағы елді мекендері су басу қаупі жоқ.
- Ұлттық спорт түрлерінің ережелері қайта қаралды.