Алматы студиясы 2019 жылды қорытындылады

«ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС-ның басшылығы Қазақ радиосының қарашаңырағы – Алматы студиясында болып,  2019 жылды қорытындылап, алдағы жылдың жоспарларымен бөлісті. 



Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үздік деп танылған әріптестер құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды. 




Кездесу барысында Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыппар, Классик радиосының жетекшісі Баян Байсейтова, Қазақ радиосының ардагерлері Ғалым Есенсариев, Аманжан Еңсебаев, Арыс Байжанбаевтар Қазақ радиосының өткені мен бүгініне тоқталып, ұлт үнжариясының 2021 жылы республика көлемінде тойланатын 100 жылдық мерейтойына қатысты ұсыныс-тілектерін білдірді.