Ұрпақ тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз

"Шалқар" радиосының әуе толқыны арқылы радиотыңдаушыға ұлттық тәрбие жөнінде сыр шертетін, адам бойындағы асыл қасиеттердің қалыптасуына ықпал ететін «Өнеге» хабарында Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегері, экономика ғылымдарының магистрі, №66 мектеп-лицейінің шебер ұстазы Мейрамгүл Ерғазықызы Жомартова қонақта болды.

Тәрбиенің негізін қалыптастыратын бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбегі туралы айта отырып, өсіп келе жатқан баланың бойына сіңіретін құндылықтардың негізі – отбасындағы алған тәрбиесі,-деді студия мейманы.

Саналы ғұмырын балаларға математикадана дәріс беруге арнаған шебер ұстаз білім берудегі толғандыратын мәселелер мен мұғалімінің мәртебесін қалай көтеру керектігі турасында ойын ортаға салды. Әжесінің тәрбиесін көріп өскен Мейрамгүл Ерғазықызы өскелең ұрпаққа әсіресе, ата-аналарға кәдеге жарар ақылын аямады.

Қызықты әрі сырлы, боямасыз сұхбатты төмендегі сілтеме арқылы "Шалқар" радиосының мұрағатынан тыңдай аласыздар.

https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/archive/programs/programs_shalkar/shalqar_onege/1057850

Бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі: Ләззат Тиышбекқызы.