Екпе жасату қажет пе, жоқ па?

Соңғы кезде ата-аналардың балаларына профилактикалық екпе жасаудан бас тарту оқиғаларының арта түсуі денсаулық сақтау саласы үшін өзекті проблемалардың біріне айналып отыр.  

Жалпы екпе ектіру мәселесі төңірегінде дау өршіп тұрғаны биыл бірінші жыл емес. Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде де вакцина салдыруға қарсылық танытушылар саны көбейген.

Қазақстанда халық екі тарапқа бөлініп үлгерді. Жақтаушылардың да, қарсылық танытушылардың үлестері шамалас. "Парламент апталығы" хабарында осы екпе салдыру мәселесін талқыланды. Жалпы профилактикалық екпелердің мәселесі жаңа заң редакциясында қалай қарастырылған? Екпе жасатуды міндеттеу қаншалықты дұрыс? Қазақстанда тұрғындарды вакцинациялауға жыл сайын қанша қаржы жұмсалады? Осы және басқа сұрақтарға студия қонағы, еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жауап береді.

Толық ақпаратты аудионұсқадан тыңдай аласыздар!

Хабар редакторы: Алмас Байдрахман. 


Фото ladyplace.ru сайтынан алынды.