Нұр-Сұлтан көшелеріне ұлылардың 100-ге жуық ұлағатты сөзі ілінді

Елорданың көрнекі орындарына қазақтың ұлы ғұламаларының өнегелі сөздері ілінді.

«Бас қаламыздың көрікті жерлерінде тарихи тұлғаларымыз бейнеленген және ұлыларымыздың ұлағатты сөзі жазылған билбордтар, пилондар іліне бастады. Бұл - екінші лек. Былтыр 40-50-ге жуық билборд эскизі қаламыздағы аялдамаларға, көше мен даңғыл бойларына, парктерге ілінген болатын. Олар әлі тұр. Енді олардың қатарын 100-ге жуық жаңа билборд толықтыра бастады», - деп жазды Нұр-Сұлтан қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Есіркеп өзінің Facebook парақшасында. 

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанның көрнекі орындарына ұлылардың өнегелі сөздерін ілу дәстүрі өткен жылдың жазында басталды.