Екі ененің рахатын көрдім

"Тұлға" хабарының кезекті қонағы ҚР Мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері Оразгүл Асанғазықызы.  

Оразгүл Асанғазықызы Жамбыл облысы Шу ауданының «Ақтөбе» ауылында дүниеге келген. 

Әкесі Асанғазы «Ел басқаратын қызым» деп еркелеткен бала Оразгүл, жастайынан кітап оқып, еңбекке ерте араласып, ұлттық құндылығымызды қадірлеудің жолында дана Оразгүлге айналды. 

 «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңына және «Әкімшілік құқық бұзулар туралы» ҚР Кодексіне өзгертулер енгізу туралы 53 мақаланың авторы.

Оразгүл Асанғазықызы өткен өмірін еске ала отырып, «Екі ененің рахатын көрдім»,- деп сыр шетті. 

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында. Хабардың редакторы: Айсәуле Бейсенхан