Қ.Тоқаев: Иран билігінің өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды

Иран билігінің іуе апатына байланысты өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды .

«Иран билігінің бірқатар мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек»,-деп жазды Президент.

Еске сала кетсек, осыған дейін Иранда 180 жолаушысы бар Украина ұшағы құлады.

Артынан Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұшақта Қазақстан азаматтарының жоқ екенін хабарлады.